Райхан Ақнұр Амангелдіқызы,
06.09.2002ж.
Ақжар ауданы, Қарашілік орта мектебі
9-сынып оқушысы
Мұғалімі: Казиева Фарида Камалиденовна
Телефон:87011369556
farida17@mail.ru
Мен сені жақсы көремін, Ана!
Ана! Жер бетіндегі әрбір адам үшін осы үш-ақ әріптен тұратын сөздің орны ерекше. Себебі, бала үшін анадан жақын, анадан қымбат жан жоқ деп санаймын. Осы өмірде аналардың арқалаған жүгі өте ауыр екенін де түсінемін. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», -деген ұлағатты сөз тегін айтылмаған. Ойлап қарасам, шындығында барлығы да анаға байланысты болып келеді екен. Яғни, салт-дәстүріміз бен тіліміздің сақталуы да, ағайын-туыс арасының жақсы болуы да Анаға байланысты екенін мен өзім бұрынырақ жете түсінбесем де, қазір түсініп отырмын.
Біріншіден, Ана тоғыз ай,тоғыз күн құрсағында жатқан баланың ең алдымен дені сау болып туылғанын қалайды.
Екіншіден, туғаннан кейін түн ұйқысын төрт бөліп, күндіз ойнатып, тамағын беріп баласынын азамат болып қалыптасуына үлкен үлесін қосады.
Ананың міндеті осымен аяқталып қалмайды, керісінше, көбейіп арта түседі. Ары қарай, баласының «ат атандырып, сүйек сындырмай», өмірде адаспауы үшін бар білгенін үйретіп, ақыл-кеңесін айтып үлкен өмірге жөн сілтейді.
Баласы қанша жасқа келсе де, әлі бала көріп, қамқорлығын аямайды. Сондай, «Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма қадалсын» деген аналардың бірі менің анам деп айта аламын.
Анамның есімі-Биззат. Ауылдағы басқа да аналар сияқты үй шаруасындағы адам. Өзім үйдегі апалы-сіңлілі төрт қыздың кенжесімін. Анамның біздің өміріміздегі орны ерекше. Анам жұмыс жоқ деп, ешуақытта қол қусырып қарап отырмайды. Жаз уақытында бие байлап, қымызын сатады. Үйдің қасындағы үлескімізде картоп, көкө- ніс егеді. Ал қыс мезгілдері айран, май сатады. Кешкілік уақыттарда іс машинасын зыр айналдырып, қөрпе құрап ісмерлікпен де айналысады. Анам осы шаруалардың барлығын да төрт қызы, біздерге де үйретті. Біз қазір құрт қайнатуды да, күзде көкөністерден түрлі салат жауып, тосап қайнатуды да білеміз. Шағын көрпешелерді де құрай аламыз. Анамызға осылай өз көмегімізді көрсетіп, қолқабыс та жасап жүрміз. Үйге келген қонақты, туыстарды қалай қарсы алуды да айтып, үйретіп отырады. Осындай анамыздан үйренгеніміз біздің алдағы өмірімізде қажет болады деп санаймын.
Қаржылық жақтан кейде қиындық туындап жатады. Соған қарамай, ата-анамыз біздің өзіміз қалаған мамандығымызға оқуға бар жағдайды жасап отыр.
Қазірде үлкен әпкем-Нұрбақыт Е. А. Бөкетов атындағы КарМУ-нің төртінші курс студенті. Мамандығы - биотехнолог. Айтолқын да дәл осы университет- тің журналистика фокультетінің екінші курс студенті. Ал Айнұр деген әпкем Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындығы педагогикалық коледжде үшінші курста оқиды. Яғни, болашақ ұстаз. Әрі суретті де жақсы салады.
Екінші әпкем Айтолқын сегізінші сынып оқып жүргенде жазған «Менің қызық отбасым» атты өлеңінде:
Қандай жағдай болмасын мейлі,
Әкем менің күрсінбейді.
Көп жұмысты аяқтайды,
Бізге ақыл айтуды да,
Еш уақытта ұмытпайды.
Әкем ақша табады
Анам үлесін қосады.
Бізге киім әперіп,
Өзіне ештеңе алмайды.
Әкем малды жайлайды.
Ал анамның сорпасы
Пеш үстінде қайнайды.
Кейде әкем ұйықтайды,
Анам тұр деп қоймайды.
Сонда да әкем ұйқыдан
Кей уақытта тұрмайды.
Жұмыс кешке бітеді,
Анамның үйрегі піседі.
Жүгіріп келіп төрт кісі
Асты тауысып ішеді.
Анам менен әкемнің
Төрт кісісі –төрт қызы.
Бірақ теріс ойламаңыз,
Ол қыздардың еңбегі
Айқын емес пе, өзі?
Барлығын да істейді
Екі қызы әкелеп,
Мал жайлауға күн сайын,
Кешке көмектеседі.
Тағы қос қыз үйінде,
Анасының ақылын
Естіп жүріп әрдайым
Күндіз үйді жинайды.
Кім өнерлі, кім күшті?
Қарайық осы жұмысты.
Бәрі өнерлі, бәрі күшті,
Жайғастырар барлық істі.
Отбасы деген қызық -күлкі,
Адамдары тұрады тату-тәтті,-деп жазған екен.
Міне, осы өлеңде айтылғандай, біздің отбасымыз мерекелі де берекелі, тату отбасы. Соның бәрі де анамыздың арқасы деп білемін.