Меню KDT

Новости

Аугалиева Жанар Казымовна

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОҚЫТУДАҒЫ ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аугалиева Ж.К.,
СҚО Ақжар ауданы, «Қарашілік орта мектебі» КММ
Кожабекова А. С.,
СҚО, Петропавл қаласы, «№9 орта мектеп» КММ
 

«Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды

адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші»

Н.Назарбаев

 

     Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға-ұстаз. Білімді ұстаз ғана білімді шәкірт тәрбиелей алады.Сондықтан ұстаз білімді шәкірт тәрбиелеу үшін оқудың түрлі тәсілдерін дұрыс, тиімді қолдана білуі керек. Сонда оқушы жан-жақты ойланып жұмыс жасай алатын болады.
     Ынтымақтастықты дамыту – білім алушылар мен оқытушылардың арасындағы сенім, өзара көмек, өзара жауапкершілік принципіне көшу дегенді білдіреді. Яғни, өз ойын, пікірін айтуға үйренеді,өзгенің пікірімен санасады, бір-бірін тындайды, бірлесіп жұмыс жасайды, өзін еркін ұстаға үйренеді.
     Ынтымақтастықта оқыту, шағын топтарды оқыту педагогикада бұрын қолданылған. Топтарды оқыту идеясы ХХ ғасырдың 20 жылдарына қатысты. Бірақ шағын топтарда оқыту технологиясын жасау тек 1970 жылдары басталды. Ынтымақтастықта оқыту Дж.Дьюидің философиясындағы білім берудегі прагматикалық тәсілінің маңызды элементі болып табылады. Ең алғаш бұл әдіс туралы баспа беттерінде 1970 жылдардың соңында 1980 жылдардың басында жазыла басталды (Ұлыбритания, Канада, Батыс Германия, Австралия, Нидерланды, Жапония, Израиль және т.б.). Ал Ресейде ынтымақтастықта оқыту 80 - жылдардағы білім беру жүйесінде көптеген инновациялық процесті өмірге әкелді. Ынтымақтастықта оқыту идеясының мәнін бірқатар жаңашыл педагогтар түсініп, оны жүзеге асыруға ұмтыла бастады, ең алдымен С.Л.Соловейчик және В.М.Матвеев, содан кейін И.П.Иванов, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Ш.А.Амонашвили, В.А.Краковский, С.Н.Лысенкова, Б.П. және Л.А.Никитенден және т.б.
     Ынтымақтастық педагогикасының негізінде баланың жеке тұлғасын тереңінен түсіну мен оған ізгілікті қарау, ұжымдық тәрбиелеу, мұғалімнің жоғары кәсіпқойлығы мен мектепке қоғамдық назар аудару жатыр.
     Ынтымақтастық – бұл оқу-тәрбие процесінің объектілері мен субъектілері ортақ іс-әрекетте жолдастық, өзара сыйластық, өзара түсіністік, ұжымдастық қарым-қатынасында бірігетін оқу-тәрбие процесінің деңгейі.
     Ынтымақтастық оқыту идеясы бірқатар елдердің көптеген педагогтарының күшімен дамып келе жатыр, өйткені ынтымақтастықта оқыту идеясының өзі өзінің мәні бойынша өте ізгілікті, яғни - педагогикалық. Бұл идеяны түсіну үшін осы әдіс авторлары «қате» сөзінің мағынасын түсінуді ұсынады. Қате сөзін жаңылыс пікір, адекватты емес білім немесе көңіл қоймау нәтижесіндегі жаңылыс іс-әрекет немесе жаңылыс пайымдау деп анықтауға болады. Бұл анықтамаға әдіс авторлары мына фразаны қосуды ұсынады: «бұл қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгеру үшін қосымша практика мен көптеген жаттығуларды қажет ететінін көрсетеді». Егер сіз оқушылардың қатесі олардың қажетті іскерліктерді меңгермегенін көрсетеді деп түсінетін болсаңыз, онда сіз бұл қатені тек факт ретінде қарастырасыз. Яғни, сіз оқушыларға қосымша практикаға мүмкіндік беруіңіз қажет және оның мөлшері олар білімді қажетті көлемде меңгергенше болуы тиіс.
     Егер сіз қатені оқушылардың жұмыс істеуге ынтасы жоқ деп немесе оның қабілетсіздігі деп бағаласаңыз, онда сіз оған қосымша практикаға мүмкіндік бермейсіз. Бірақ, бір жағынан егер оқушы тапсырманы орындау барысында қате жібермесе бұл оның тапсырманы дұрыс орындауды үйренгенін көрсетеді және мұндай оқушыларға қосымша практика керек емес. Яғни, қателер бұл – тек оқушылардың тек қосымша практика, көмек қажет екенін көрсететін индикатор. Сіз сыныптағы әр оқушыға бұл көмекті бере алмайсыз. Егер сіздің оқушыларыңыз шағын топтарда жұмыс істеуге және бір біріне көмектесуге үйренсе және де әрқайсысының үлгерімі үшін жауап берсе онда бұл жауапкершілікті сол оқушылар мойнына ала алады. Педагогика тілінде бұл осы мақсатқа бара-бар әдісті қолдану қажеттілігін көрсетеді. Ұжым болып оқуға болады: жақсы оқитын оқушы жаңа материалды тез қағып алады, жақсы түсінеді, мұғалім көбінесе соған сүйенеді. Ал әлсіз оқушылар әрбір сабақ сайын артта қалып отырады, өйткені оған бәрін нақты түсіну үшін уақыт жетпейді, мұғалімге сұрақ қоюға батпайды, соған сәйкес ол тез және дұрыс жауап бере алмайды және өзінің үлгерімін тежейді. Ондай оқушыларды соған сәйкес әдістер мен оқу материалдарын қолдана отырып, жеке дара оқытуға да болады. Бірақ ондай жағдайда оқушы өзімен өзі тұйықталып қалады. Оның жанындағы көршісі немен айналысып отырғанында жұмысы жоқ, егер материалды түсіну оған қиын болатын болса бұл оның ғана проблемасы. Сондықтан оқушы мұндай қиындындықтарға тап болмас үшін,оны сырттай бақылайтын,оған көмек,қолдау көрсететін,бағыт-бағдар беретін,сенім артатын мұғалім әрқашан оқушы қасынан табылуы керек.
     Ынтымақтастық-оқушы мен ұстаздың бір-бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс- әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда сабақты ұйымдастыру барысында ынтымақтастықты қалыптастырудың мәні зор деп ойлаймын. Ынтымақтастық ортадағы жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы топпен жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Өз тәжірбиемде сыныптағы оқушылар бойында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, топтық жұмысты ұйымдастырғанда түрлі әдістерді пайдаланамын. Жоғарғы сыныптарға сабақ жүргізгендіктен бір ғана сынып емес, жас ерекшелігі әртүрлі оқушылармен жұмыс жасаймын. Мысалы: 5-сынып оқушылары парақ қағазға саусақтарын салып, алақанға бір-бірінің аттарын жазады. Саусақтарға амандасау түрлерін де жазуға болады. Сол бойынша бір-бірімен амандасады. Бұл осы жастағы балаларға қызықты, ал жас шамасы жоғары оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне тілек айтады немесе өз қалауларынша амандасады. Топқа бөлгенде де ойын түрінде, суреттер,заттар арқылы бөлуге болады.
      Оқушыларға топпен жұмыс жасаған ұнайды. Топқа бөлгенде әр сыныптың жас еркшелігіне байланысты әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданамын. Сабақ барысында жеке дара жұмыс жасағаннан гөрі топпен бірлесіп жүргізген сабақ оқушылардың белсенділігін арттырады. Кейбір үндемейтін, сабақ үлгерімі төмен оқушылар да сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық айтып, оқуға деген ынтасы, ықыласы пайда болды. Алғаш рет география пәнінен 6-сыныпта «Нәсілдер» тақырыбында сабақ өткіздім. Бірінші сабақ болғаннан кейін оқушыларға сабақтың өтілу барысымен, ережелерімен, жеке дара емес, топпен жұмыс жасайтынымызды таныстырып кеттім. Бұл тәртіп оқушыларға ұнады, бірақ сабақтың өту барысында көп нәрсені түсінбегендіктерін байқадым, айта кететін болсам, әрдайым бір партада отыратын оқушылар топқа бөлгенде бір-бірінен ажырағысы келмеді, кейбірі керісінше бір-бірімен отырғысы келмеді. Сондай-ақ топқа бөліну кезінде шатасып кету, яғни басқа топқа барып отыру, жұппен жұмыс, топпен жұмыс түрлерін ажырата білмеуі,постер қорғауда өздерінің салған суреттерін толық қанды жеткізе алмауы, өздерін еркін сезіне алмай, қысылуы, ойларынын шашыраңқы болуы, заттарын бір-біріне бермеуі, бір-бірімен тіл табыса алмайтындығы, неболмаса үздік оқушының ғана сөйлеуі секілді біраз кедергілерге де тап болдым. Осы оқушылардың арасында аз сөйлейтін, мінезі тұйық, оқушылармен қарым-қатынасы аз, сыныптастар арасында ынтымақтастығы болмайтын оқушы болатын. Қазір сол оқушым өзгерді, оған себеп, уақыт өте келе, топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен сөйлеседі,яғни диалогка түседі,бірін-бірі тындайды, әрқайсысы өз пікірін айтады, қажетінше бір-біріне көмек көрсетеді, бірлесіп жұмыс жасайды. Яғни, топтық жұмыс барысында оқушы ашылады, белсенділігі артады,білім деңгейі көтеріледі. Мерсер мен Литлтон (2007ж.) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсеткен. Қазіргі кездегі сабағыма тоқталсам,оқушылар біршама ашылғанын,өз ойларын емін-еркін жеткізе алатынын, топқа бөліну кезінде тез орындарын таба білуі, белсенділігі артып, жұппен, топпен жұмыс кезін де уақытты тиімді пайдаланып, өз пікірлерін ортаға сала отырып талқылай алатынына көзім жетті.Топта отырған оқушылар бір үйдің балаларындай болып кеткенін, бір-біріне деген көзқарастар өзгергендігін байқадым.Сынып оқушылары бір- бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. Түсініксіз жерлерін сұраудан қорықпады. Бағдарламаның бұл әдіс- тәсілі балаларға өте ұнады, себебі бұл жерде сабаққа қатыспай,дараланып қалатын оқушылар болмайды, айта кететін болсам көп сөйлемейтін бала мүмкін суретпен ойын жеткізе алатын шығар, оның басқалар білмейтін қабілеті бар шығар, мысалы постермен жұмыста суретті жақсы салуы мүмкін. Сондай-ақ топтық жұмыста оқушылар бір-бірін бақылап,бағалай да алады, игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстырады.Ойша, өз білімін өзгемен салыстыруы да мүмкін. Топтардағы бірлескен жұмыстарда оқушы тек қана алға жылжиды.
    Оқушыларымның осындай табысқа жетуі, ол меніңде жетістігім деп білемін. Жалпы оқушылармен бірлескен оқуда, түрлі кедергілердің алдын алуда, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда мұғалімнің рөлі зор .
    Қорыта айтқанда оларда ынтымақтастық атмосферасы бұрынғысынан да тереңдеп , бір-біріне деген мейірімділік, қайырымдылық сезімдері одан әрі жанданып, диалогтік қарым-қатынасы артты. Көп сөйлемейтін тұйық оқушылар, тасада қалып қоятын оқушы болмайбарлығы да жұмыс жасап ынтымақтастық атмосферада қалыптасты.Жоспарланған шараларда оқушылар арасында қызығушылық тудырған мәселелер туындаған сайын мен өзім берген бағытым тұлға бойына тереңірек бағыт-бағдар бердім деп түсіндім. Себебі оқушы бойында ізденімпаздығы , қырағылығы , шығармашылығы, сөйлеу және ойлау қабілеті қалыптасады. Ынтымақтастық оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі зор екенін білдім.
     Мұғалім ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуына көшбасшылық жасап бағыттап отырса, тұлғаның бойындағы бар қасиеттерін зерттеуде көп жетістіктерге жетумен қатар нәтижесі де мол болмақ деп ойлаймын. Сондықтан еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпаққа дұрыс бағыт беру ұстаз біздің абройлы міндетіміз екенін естен шығармау бүгінгі күннің басты мақсаты деп білемін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бетпе-бет кезіндегі курс бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған ресурстар
  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей
















Просмотров: 354

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры Махатова Бахия Хамитовна

Опрос

Статистика

  • Осы айда36
  • Осы аптада18
  • Кеше2
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Полезные ссылки